Қаржы министрі республикалық бюджетті игере алмаған салаларды атады

10 Қараша 2021, 11:20
863
Бөлісу:
Қаржы министрі республикалық бюджетті игере алмаған салаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,7%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,6%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98%-ға атқарылған.

Республикалық бюджет бойынша шығыстар 12 трлн теңгені құрады. Атқарылмау 50 млрд теңгені құрады, оның ішінде 10 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 40 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Қаржы министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; шот-фактуралардың, орындалған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы; қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну; конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар министр бюджеттердің игерілмей қалған өңірлерді атады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,7 трлн теңгені құрады. 134 млрд теңгеге атқарылмаған. Осы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 1 трлн 813 млрд теңге бөлінген. Оның 96,6%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 62 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 6 млрд теңге, игерілмегені – 56 млрд теңге. Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында қалыптасты, – деді Қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы