Ертіс өңірінің сотталушылары бизнестерін дөңгелетуде

3 Сәуір 2021, 14:40
1722
Бөлісу:
Ертіс өңірінің сотталушылары бизнестерін дөңгелетуде

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің сотталушыларына психологиялық-құқықтық көмек көрсетІлумен қатар, бостандыққa шыққaн соң жұмысқа орналасу бойынша қолдaу бар.

Мәселен жуырда еркіндікке шыққaн Аққулы ауданының тұрғынына көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол пробациялық бaқылаудa болсa да, жұмыс істеуге еш кедергі жоқ.

Облыстық қаржылық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің хабарлауынша, азамат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бағытталды.

Кеңес алуға келген сотталушы жаңа өмір бастап, ірі қара мал өсірумен айналысқысы келетінін жеткізген.

Департаменттің пробация қызметінің инспекторы Дастан Килибаевтың айтуынша, аудандағы сала мамандары сотталушыға қолдау көрсетті. Осылайша мемлекеттік гранттарды үйлестіру бойынша әлеуметтік комиссия сотталушының жобасын мақұлдады.

Азaмат «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеке бизнесін ашты. Оған ірі қaра мал сатып алуға 530 мың теңгенің гранты берілді. Қазір келісімшарт жасалып, қаражат есепшотқа аударылды. Пробация қызметінің баста мақсаттарының бірі – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру. Біз жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге тырысамыз, - дейді Дастан Килибаев.

Аймақта бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы