Павлодарда індетті анықтау үшін күніне 1500-ге жуық тестілеу өткізіледі

28 Сәуір 2020, 17:50
1267
Бөлісу:
Павлодарда індетті анықтау үшін күніне 1500-ге жуық тестілеу өткізіледі

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі екі зертхананың жұмысы күшейтілді. Полимеразды тізбекті реакция тестілеуіне қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті.

Нәтижесінде бұған дейін күніне 700-ге жуық тестілеу жүргізілсе, бүгінгі таңда олардың саны 1500-ге жеткен.

Павлодар облысы тәулігіне жасалатын тестілеу саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан соң үшінші орында. Тестілеу алдымен "бірінші шепте" жұмыс істейтін азаматтар арасында жүргізіледі. Олардың қатарында күшейтілген режимде еңбек ететін полицейлер, ұлттық ұлан сарбаздары мен медицина мамандары бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЖРВИ және пневмония ауруларының белгілері бар адамдардың барлығы тексеріледі. Бүгінгі күнге дейін медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың барлығы тест тапсырды. Зерттеу нәтижесінде бірде-бір жағдай тіркелген жоқ, - дейді облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов.
Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтыру деректерінің басым бөлігі Екібастұз қаласына тиесілі. Соңғы мәліметтер бойынша шаһарда 72 науқас ем қабылдап жатыр. Кеншілер мен энергетиктер қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шаһарға бір топ маман аттанды.

Қазіргі уақытта ауру ошақтары анықталып, толық оқшауланған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде 2995 адам медицина мамандарының бақылауына алынған. 858 азамат стационар деңгейінде емделіп жатса, 2340 тұрғын үй карантинінде.

Өзгелердің жаңалығы