Ертеңнен бастап жүргізуші куәлігін алып жүру міндетті емес

12 Ақпан 2021, 22:47
2113
Бөлісу:
Ертеңнен бастап жүргізуші куәлігін алып жүру міндетті емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертеңнен бастап азаматтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен алып жүрмесе де болады.

Тиісті заңға Мемлекет басшысы 1-ші ақпанда қол қойған болатын. Құжат ертең күшіне енеді.

Жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы барлық мәліметтерді электронды базадан тексере алады. Аталған құжаттар болмаса да, әкімшілік айыппұл салынбайды.

«Жол жүрісі туралы» Заңның 54-бабынан жүргізуші куәлігі мен техпаспортты көрсету міндеті алынып тасталды. Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған адамдарға қатысты емес. Олар үшін жүргізуші куәлігін және техпаспортты көрсету міндетті болып қалады, - деді Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов.

Бұдан бөлек, Қазақстанда 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салынбақ. Жаңа норма 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Бұл өзгеріс жүргізуші орнынан басқа 8 орындықтан асатын автобустардың барлығына ортақ.


Өзгелердің жаңалығы