Ертең Шымкентте үш күндік Great Qazaq Games — «Ұлы қазақ ойындары» басталады

19 Наурыз 2023, 15:36
1470
Бөлісу:
Ертең Шымкентте үш күндік Great Qazaq Games — «Ұлы қазақ ойындары» басталады
Фото: www.gqg.kz

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамы кезінде Шымкентте Great Qazaq Games этнофестивалі өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын «Ұлы қазақ ойындары» 20 наурызда басталып, 23 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Great Qazaq Games этнофестивалінің бас продюсері Жан Мұханның айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты — қазақ ұлттық мәдениетін насихаттай отырып, рухани құндылықтарымыз бен ұлттық мұраны дамытып, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу екен.

Қазақ елі — бұрнағы тарихында көшпенді халықпыз ғой. Этнофестивальде ел тарихынан сыр шертетін «Көш керуенін» ұйымдастырамыз. Жалпы бұл қазақтар-ежелден көшпелі халық болғаны белгілі. Осыған орай, бүгінгі іс-шарада еліміздің тарихынан хабар беретін «Көш керуені» ұйымдастырылады. Great Qazaq Games — көшпенді халықтардың ұлттық спорт ойындарынан ғана тұрмайды, бұл айтулы мерекеге айналады. Өйткені Great Qazaq Games этнофестивалінде төрт бағыт бойынша жарыс өтеді. Атап айтқанда, қатысушылар Ulttyq oiyn (аламан бәйге, көкпар, топ бәйге, аударыспақ, құнан бәйге, қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, садақ ату), Ulttyq tagam (бауырсақ, қымыз, сірне, шұбат, жент, қуырдақ, ет), Ulttyq oner (терме, жыр, қобыз бен домбырада күй, дәстүрлі ән, жетіген, айтыс, би) және Ulttyq kiim (қамзол, сәукеле, қалыңдық киімі, тақия, шапан, ерлер киімі үлгілері) бойынша сайысқа түседі. Этнофестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен мықты аспаздар, үздік спортшылар, шебер дизайнерлер мен өнерпаздар қатысады. Көршілес елдерден де қатысушылар келеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры — 75 млн теңге. Бұған қоса еліміздің белгілі өнерпаздары ән шырқап, Шымкент жұртшылығы мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлайды, — дейді бас продюсер Жан Мұханов.

Ертең Шымкентте үш күндік Great Qazaq Games — «Ұлы қазақ ойындары» басталады

Этнофестиваль Шымкент қаласының жаңа ипподромында өтеді. 100-ден астам киіз үй тігіледі. Қаладан арнайы автобустар қатынайды.

Этнофестиваль аумағына кіру — тегін, бірақ келушілер ұлттық киім киіп не ұлттық нақыштан хабар беретін элементі бар киім, басқалай ұлттық нақыштағы зат тағып келуі керек. Этнофестивальдың ресми ашылу салтанаты 2023 жылғы 20 наурыз, сағат 11:00–де басталады.

Great Qazaq Games — «Ұлы қазақ ойындары» этнофестивалінің бағдарламасын іс-шараның ресми сайтынан көруге болады. 

Өзгелердің жаңалығы