Ақшалов: Біздің басты міндетіміз – ақпараттандыру

21 Қыркүйек 2021, 12:51
1235
Бөлісу:
Ақшалов: Біздің басты міндетіміз – ақпараттандыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Квазимемлекеттік ұйымдардағы комплаенс қызметі туралы» тақырыбында өткен «AntikorLive» жобасында Дәурен Ақшалов айтты.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшаловтың мәлімдеуінше, еліміз комплаенс қызметін көтеру арқылы «ашықтық» индексін арттырған. Алдағы уақытта аталған қызмет түріне өзгеріс енгізіледі.

Біз бұрын Халықаралық тәжірибе сәйкес жұмыс істесек, қазіргі уақытта өзіміздің бағыт-бағдарымыз бар. Яғни, толықтай заңды болдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң енгізілгеннен бері ұйымдағы жұмыс процесі ерекше ілгеріледі, - дейді ол.

Ақшаловтың айтуынша, біздегі басты өзгеріс - комплаенс қызметінің заңдастырылуы. Бұған дейін бағдармалама тек қаржы ұйымдарында жүзеге асып келген.

Көп адамдар заңнаманы оның ішінде ішкі құжаттарды біле бермейді. Ұйым превенциясы аталған құндылықтардың бәрін адамдарға жеткізу. Біздің басты міндетіміз – ақпараттандыру. Әрине, оның бәрі заң аясында жүзеге асады. Жұмысты заңның аясында жүргізу компанияға тиімді. Мысалы, америкалық прокурордың сөзі бар «егер сіз комплаенсты қымбат десеңіз, заңнамаға қарсы жұмыс істеп көріңіз» деген. Егер біз жұмысымыздың бәрін белгіленген принциптермен атқаратын болсақ, ол тек жоғарыдан көрінеді. Компания табыс табуы мақсатында ертеңін ойлап, әрекет етуі тиіс. Бұл процестерді бақылау біздің қолымызда, - дейді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Комплаенс қызметінің басшысы.



Өзгелердің жаңалығы