Ертең Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді

25 Мамыр 2023, 23:52
857
Бөлісу:
Ертең Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді

26 мамырда Алматыда VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттар мен қоғам белсенділері мүлік иелері бірлестіктерінің түйткілді мәселелерін талқылайды.

Қоғамдық палата мүшелері «Самал-1» шағынауданының тұрғындарымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен кездеседі. Одан соң Қоғамдық палата төрағасы Айдос Сарым, Алматы қаласы Мәжілісі мен мәслихаты депутаттары, қаладағы қоғамдық бірлестіктер басшылары, ПИК өкілдері және басқа да сарапшылардың қатысуымен жиын өтеді.

Қоғамдық палата отырысы Мәжілістің Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы