Ертең Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бекеті жұмыс істемейді

3 Сәуір 2021, 18:25
1208
Бөлісу:
Ертең Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бекеті жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 4 сәуірі күні жұмыс істемейді. 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер Қытай Халық Республикасында «Цинмин» мейрамының тойлануымен байланысты.

Атап айтқанда, сол күні азаматтар, көлік құралдары және жүк мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.

Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтарға шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы