Ертең елорда мектептерінде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

10 Желтоқсан 2023, 22:50
895
Бөлісу:
Ертең елорда мектептерінде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 11 желтоқсан күні ауа температурасы 27 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы