Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

2 Шілде 2020, 18:47
1588
Бөлісу:
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары 6 облыста дабылды ескерту жасады.

Түнде 3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 3 шілдеде кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі.                   

Петропавл қаласында түнде 3 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.  

3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршак күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскемен қаласында күндіз 3 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Семейде күндіз 3 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

3 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

3 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді, - делінген хабарламада.

Көкшетау қаласында 3 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. 

Нұр-Сұлтан қаласында 3 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

3 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі.        

Орал қаласында 3 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

3 шілдеде Атырау облысында кей жерде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.

Өзгелердің жаңалығы