Ертең елімізде ауа райы бұзылады

12 Қараша 2020, 23:43
1259
Бөлісу:
Ертең елімізде ауа райы бұзылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, ШҚО-да түнде кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 25 метрге дейін жел соғады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Қостанайда 13 қарашада күндіз боран соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз кей жерде секундына 15-20 метр жел соғады. Оралда 13 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

13-14 қараша күндері СҚО-да қар жауады. Ал 13-14 қарашада кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Петропавлда 13-14 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында түнде кей жерде қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы