Ертең елде телевидение мен радио жұмысы уақытша тоқтайды

19 Сәуір 2022, 22:48
1087
Бөлісу:
Ертең елде телевидение мен радио жұмысы уақытша тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазтелерадио» АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 20 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабар тарату жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 20 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, – делінген ресми хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы