- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Астанада да күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Бүгiн 2026, 21:16
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екіпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 10 маусымда батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 10 маусымда кей уақытта өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 10 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында.екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ең оқылған:
- "Александр Пактың қанынан алкоголь табылған": Адвокат куәгерлер сөзі мен сараптама арасында қайшылық барын айтты
- Бектенов жаңа зауыттарды тексерді: Елордада енді қандай өнімдер шығарылады?
- Қанға толы шприцтер: БҚО-дағы ауыл маңынан сұмдық видео тарады
- Өзбекстанда газ құю бекетінде болған жарылыстан 6 адам мерт болды
- "Бұл дағдарысты шешкен бірде-бір ел жоқ": Түркиялық сарапшы БЖЗҚ реформасы жайлы