«Ертең бастаймыз». Неймар Сербияға қарсы ойынға қатысты пікір айтты

24 Қараша 2022, 12:08
724
Бөлісу:
«Ертең бастаймыз». Неймар Сербияға қарсы ойынға қатысты пікір айтты

Бразилия құрамысының шабуылшысы Неймар Сербияға ертеңгі ойынға қатысты пікір білдірді деп жазады, BAQ.KZ. 

Армандау, талпыну және өз міндеттеріңізге басымдық беру – бұл бәсекелестеріңізді кемсіту емес, қол жеткізгіміз келетін мақсаттарға ден қою. Ертең бастаймыз... – деп жазды Неймар әлеуметтік желіде.

Оңтүстік Америка құрамасы Қатарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сербия (бірінші тур, 24 қараша, 22:00), Швейцария (екінші тур, 28 қараша, 19:00) және Камерун (үшінші) құрамаларымен кездеседі.

Көптеген сарапшы әлем чемпионатында Бразилия құрамасы жеңетініне сенеді.

Өзгелердің жаңалығы