Ертең бас қаланы қандай ауа райы күтіп тұр?

16 Ақпан 2021, 17:35
1322
Бөлісу:
Ертең бас қаланы қандай ауа райы күтіп тұр?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандарының Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 17 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамы жарияланды.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік-батыста қатты жауын-шашын жауады. Тек елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік пен батыста жаяу бұрқасын күтіледі, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі, ал жел 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмол облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. 

Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -9-11°С.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +11+13°С.                                                                                                                                                                                                             

Өзгелердің жаңалығы