Ертең Астанада ондаған көшеде электр қуаты уақытша өшіріледі

Электр қуатын ажырату таңертең басталып, кейбір учаскелерде кешке дейін жалғасады.

 depositphotos.com Кеше 2026, 22:24
Кеше 2026, 22:24
184
Фото: depositphotos.com

Астанада 25 маусым күні электр желілерінде жүргізілетін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарына байланысты бірқатар көшеде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жоспарлы жұмыстар бірнеше ауданды қамтиды. Электр қуатын ажырату таңертең басталып, кейбір учаскелерде кешке дейін жалғасады.

Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін Абат-Байтақ, Оқжетпес, Мұзтау, Мыңарал, Мартылога, Майкетов, А. Затаевич, Қарауыл, М. Дулатұлы, Оғылды, Ш. Бейсеков, С. Мұхамеджанов, Гагарин көшелері мен Жеңіс даңғылының тұрғындары жарықсыз қалады.

Ал сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін Теміртау, Бурабай, Қызан, Ата Тарғын, Ата Қосай, Арқайым, Жаңаарқа, Майдақоңыр және Арал көшелерінде электр энергиясын беру тоқтатылады.

Сонымен қатар Төлебаев, Бесбалық, Сарын, Қошқарбаев, Айнакөл, Өзбекәлі Жәнібеков, Мағжан Жұмабаев, Тайқазан, Қордай, Бұлбұл, Масаты және Қобыз көшелері маңында да уақытша шектеулер енгізіледі.

Электр желілеріне техникалық қызмет көрсету аясында Митченко, Оңдасын, Темірқазық, Айша Бибі, Тұмар ханым, Қыз Жібек, Ұлымжіұлы, Кенжин, Таңжарық, Жолдыұлы, Болашақ және басқа да бірқатар көшеде электр қуатын уақытша өшіру жоспарланған.

Сондай-ақ Ақбаян, Тұран, Қыз Жібек және Айман-Шолпан көшелеріндегі тұрғын үйлерге де электр энергиясын беру уақытша шектеледі.

Қала әкімдігі тұрғындарға жоспарлы өшірулерді алдын ала ескеріп, электр қуатына тәуелді тұрмыстық құрылғылардың жұмысын соған сәйкес жоспарлауға кеңес береді. Электр энергиясын ажырату кестесі мен мекенжайлардың толық тізімі елорданың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Наверх