Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

16 Қаңтар 2019, 22:57
1950
Бөлісу:
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатындығын ескертті.

17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.       

Ал Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз тұман түседі.

Сонымен қатар Қызылорда облысының кей жерлерінде 17 қаңтарда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, 18-19 қаңтарда екпіні 23 м/с жел күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы