Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бүлікшілердің әрекеттеріне наразы.
Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров мәлімдеді.
Ол Ислам діні вандализмге, лаңкестік әрекеттерге қарсы екенін айтып, халықты ауызбіршілікке шақырды.
Жалпы елімізде бүлікшілер тарапынан болып жатқан әрекеттер, әрине, дұрыс емес. Мұны Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қаралайды. Ислам діні лаңкестік әрекеттерді, вандализмді ешқашан қолдамаған. Елді тыныштыққа шақырамыз. Арандатушыларға ермеуге, теріс ақпараттарға бой бермеуге, сабырлы болып, ауызбіршілікке, ынтымаққа, қайырымдылыққа үндейміз. Бізге қазір бірлік керек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдап жатқан шешімдерін қолдап, құрметтеуміз керек. Шын мәнінде, еліміздің тірегі бейбітшілікте, бірлікте, - деді Ершат Оңғаров.