Ермекбаев Ақтөбе гарнизонының медициналық жабдығын тексерді

8 Қыркүйек 2019, 11:52
1755
Бөлісу:
Ермекбаев Ақтөбе гарнизонының медициналық жабдығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе гарнизонына жұмыс сапары барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдерге барып, база штабын, қойманы, мерзімді қызметтегі сарбаздардың казармаларын және жауынгерлік машиналар паркін тексерді.

Ақтөбе гарнизонында мемлекеттік шекараға қол сұғылмауын, оның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын, ұдайы жауынгерлік әзірлікті ұстап тұратын, мемлекеттік мекеме нысандарының күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ететін мотоатқыш, артиллерия және барлаушы штурмалық бөлімшелер бар. 

Одан басқа гарнизонында Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі бар. Қорғаныс ведомство басшысы оқу-материалдық базаның, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу жағдайын тексерді.

4.JPG

Қорғаныс министрі Ақтөбе қаласындағы әскери госпитальге барып, мобильді медициналық кешен, қабылдау және хирургиялық бөлімшені аралап шықты. Ақтөбе қ. әскери госпиталь емдеу бөлімшелері, диагностикалық, қамтамасыз ету бөлімшелері және госпиталь әкімшілігі орналасқан. Одан басқа, өзінің зертханасы, тіс емдеу бөлімі мен дәріханасы бар. Оның қызметіне Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан гарнизондардың әскери қызметшілері қарайды. 2019 жылы мекемеде емделген әскери қызметшілердің 100%-ы өз қызметтеріне оралған.

Әскери гарнизонда күрделі жол және қолайсыз ауа райы жағдайына арналған жұмыс істеу мобильді медициналық кешен бар. Оған мобильді операциалы-реанимациялық кешен, мобильді рентген кешені және госпитальді бөлімшелер кіреді. Ол жоғары өтімді жүк автомобилі базасында орналасқан және далалық жағдайда екі сағат көлемінде айнала алады. Бұл төтенше жағдайларда, экологиялық апаттар мен әскери қақтығыстарда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев басымдық міндеттерді белгіледі және әрі қарайғы жұмыс бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

        

 


Өзгелердің жаңалығы