Ермек Маржықпаев дзюдодан ұлттық құраманың спортшыларымен кездесті

24 Қыркүйек 2023, 22:45
846
Бөлісу:
Ермек Маржықпаев дзюдодан ұлттық құраманың спортшыларымен кездесті

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысып жатқан дзюдодан ұлттық құрама спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дайындық бөлмесінде түрлі көңіл күй, алуан эмоция.

Абиба Абужақынова қарсыластан қаймықпай, лайықты өнер көрсетті. Енді құрлық біріншілігінде кеткен есені Париж Олимпиадасында қайтарамын деп отыр. 

Мағжан алтын медальға үміттенгенін айтты, бірақ әр сәтсіздік үлкен нәтижелерге жету үшін үлкен мотивация болуы керек. 

Қола үшін күрескен Ғалия Тынбаева жарыс алдында 52 келіге дейін салмақ дәрежесін өзгерткен. Спортшымыз жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді. Ғалияның болашағы алда. Бастысы жеңіске деген жігері мықты.

Өзгелердің жаңалығы