Ерлан Қошанов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

9 Мамыр 2025, 12:54
351
Бөлісу:
Ерлан Қошанов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Фото: Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлан Қошанов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және  Бауыржан Момышұлы монументі маңына жиналған жұртшылық қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ерлан Қошанов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бауыржан Момышұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы кезінде генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Кейін полкке, дивизияға қолбасшылық етті. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бұл награда оған қайтыс болғаннан кейін 1990 жылы берілді.

Ерлан Қошанов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Астанадағы батырға арналған ескерткіш 2008 жылы ашылды. Бұл – Бауыржан Момышұлының туған өңірі Жамбыл облысының елордаға жасаған тартуы.

Өзгелердің жаңалығы