Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты

4 Шілде 2023, 16:24
1837
Бөлісу:
Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын ҚМДБ-ға тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, Кенесары ханның Құранын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына салтанатты түрде табыстау үшін арнайы келіп отырмын, – деді Е. Қарин сөз басында.

Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылып, елге қайтарылғанын сүйіншілегенін еске салды.

Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты

Атақты Марал ишан мен Кенесары ханнан мирас болып жеткен Құранның халқымыз үшін қастерлі дүние екені ақиқат. Сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – маңызды міндет, – деді Мемлекеттік кеңесші. 

Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты

Айта кетейік, Құранға Марал ишанның және Кенесары ханның мөрлері қойылған. Жәдігерге реставрация жұмыстары жасалғаннан кейін ҚМДБ оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсырады.

Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты
Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын табыстауға қатысты
Өзгелердің жаңалығы