Ерлан Қарин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

2 Шілде 2021, 19:10
1582
Бөлісу:
Ерлан Қарин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Karin Erlan жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сапар барысында Е.Қарин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірқатар кездесу өткізді. Аймақта вакцинацияны, ұлттық халық санағын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызды өнімдерге бағаны тұрақтандыру және өзге де өзекті мәселелер қарастырылды. 

Сонымен қатар Президент көмекшісі қоғам белсенділерімен, шығармашылық зиялы қауыммен,Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесулер өткізіп, Маңғыстау өңірін дамытудың негізгі тетіктерін пысықтады.

Жұмыс сапары аясында Е.Қарин Жаңаөзен қаласына, Мұнайлы ауданына, Батыр және Қызылтөбе ауылдарына барып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар жиын өткізді.

Өзгелердің жаңалығы