Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін бозкілемде еркін күрес шеберлері 5 салмақта сынға түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Апта басындағы бәсекеде бірқатар сенсация тіркелді.
57 кг:
Алтын – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)
Күміс – Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)
Қола – Абзал Окенов (Астана), Ернұр Қабатаев (Павлодар облысы)
65 кг:
Алтын – Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)
Күміс – Рифат Сайботалов (Павлодар облысы)
Қола – Ілияс Аманжолов (Астана), Тимур Айтқұлов (Қостанай облысы)
74 кг:
Алтын – Дархан Есенғали (Шымкент)
Күміс – Нұрлан Бекжанов (Астана)
Қола – Қанат Мұсабеков (Қызылорда облысы), Мұрат Джакупов (Ақмола облысы)
86 кг:
Алтын – Азамат Дәулетбеков (ШҚО)
Күміс – Мақсат Сатыбалды (Шымкент)
Қола – Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы), Мейір Көшкінбаев (Абай облысы)
97 кг:
Алтын – Бекзат Үркімбай (Астана)
Күміс – Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы)
Қола – Серік Бақытханов (Қарағанды облысы), Мамед Ибрагимов (Павлодар облысы)
Ұлттық құрамадағы 74 келіге дейінгі салмақта көшбасшының бірі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Дархан Есенғалиден жеңіліп қалды.
Нұрқожамен болатын кездесуге арнайы дайындалдым. Осыған дейін одан 4 рет ұтылдым. Ал бүгін сәтін салып, жеңіске жеттім. Бәрі бапкерлер қойып берген тактика мен жақсы дайындықтың арқасы,-деді Дархан.
Дархан финалда тәжірибелі балуан, 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановтың да осал тұсын тауып, алғаш рет ел чемпионы атанды. Айта кетейік, VI жазғы Спартакиада спорт түрлерінен биылғы ел чемпионатының орнын басады.
Ертең еркін күрестен қалған 5 салмақтағы балуандар күш сынасады. Айта кетейік, осыған дейін грек-рим және әйелдер күресінен бәсеке аяқталған. Барлық нәтижені Спортты дамыту дирекциясының сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасынан таба аласыздар.