Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатында екі медаль еншіледі

4 Тамыз 2019, 11:15
2951
Бөлісу:
Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатында екі медаль еншіледі

Алматы, BAQ.KZ. Бұл күндері Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық еркін күрес шеберлері екі мәрте тұғырға көтерілді. Бұл туралы Olympic.kz сайтында хабарланды.

51 келіде белдескен Жахонгир Ахмаджанов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік Магомед-Тагир Ханиевтен ұтылған.

Ал 92 келіде күрескен Бекзат Тәжі әлемдік сынның қола жүлдесін жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы