Еріктілер электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуды үйретеді

1 Маусым 2020, 11:29
1994
Бөлісу:
Еріктілер электронды түрде мемлекеттік қызметтерді  алуды үйретеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еріктілер ақмолалықтарға электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуды үйретеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп еріктілерді "Электрондық үкімет" порталын қолдануға үйрету жұмыстарын ұйымдастырды.


29 мамырда облыстық мемлекеттік корпорацияның басшылығы еріктілермен алғашқы кездесу өткізді. Кездесу барысында еріктілер Мемлекеттік корпорацияның жаңа жұмысымен, порталдың мүмкіндіктерімен және 1414 Call-орталығы қызметімен танысты. Бұл жобаның мақсаты азаматтардың портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу бойынша цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады, - делінген хабарламада.
Бүгінде қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылуда, онда еріктілер азаматтарды "E.GOV" электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына үйретеді.

Алдағы уақытта Департамент еріктілердің телефон нөмірлерін және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының орналасқан мекенжайларын жариялайды.

Өзгелердің жаңалығы