Еріктілер Абай облысындағы өрт сөндірушілерге көмектесіп жатыр

9 Маусым 2023, 22:35
732
Бөлісу:
Еріктілер Абай облысындағы өрт сөндірушілерге көмектесіп жатыр
Фото: Абай облысының әкімдігі

Еріктілер Абай облысындағы орман өртімен күресіп жатқан мамандарға көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндіру бригадаларына қолдау көрсету үшін еріктілер ауылдық округтерден ыстық тамақ дайындап, әкеліп жатыр.

Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бүгінде 1000 литр таза ауыз су, 200 кг қой еті, 200 кг жарма, 5 қорап консерві, 1000 нан өнімі, 50 кг пияз және басқа да қажетті өнімдер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 4 тонна ауыз су берді. Бейжай қарамайтын азаматтар өрт сөндірушілерге ауыз су, пластикалық ыдыс-аяқ, азық-түлік және жеке күтім құралдарын ұсынуда. Еріктілер Бородулиха және Успенка ауылдарында орналасқан далалық асүйлердің жұмысын қолдайды, – деп жазылған хабарламада.

Ыстық тамақты үздіксіз жеткізу үшін 80-ге жуық ерікті көмекке келген. Семей қаласының тұрғындары бұл жағдайдан тыс қалмады. Айта кету керек, өрт аймағында тек арнайы дайындалған мамандар жұмыс істеп жатыр. Қазір қосымша жұмыс күшіне қажеттілік жоқ.

Өзгелердің жаңалығы