Ерікті: Президент қолдауынан күш аламыз

27 Сәуір 2020, 18:59
2478
Бөлісу:
Ерікті: Президент қолдауынан күш аламыз
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының "Астана жастары" КММ маманы Бақтияр Есентаев өзінің жұмысы жайлы және бүгін Президент жасаған мәлімдемесіне сәйкес өз пікірін білдірді. 

Бүгін  Президент өзінің жасаған мәлімдемесінде еріктілердің, яғни, біздердің жұмысымызды ерекше атап өтті. Біз осындай мәлімдемелердің арқасында әрі қарай да жұмыс жасауға күш аламыз. Біз өмірімізге қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан мұқтаж жандардың қиыншылықтарын көре отыра, көмектесуге бел будық. Өз басым еш өкінбеймін. Әрі қарай да осы жұмысты жалғастыра беремін, - деді Бақтияр Есентаев. 

Сонымен қатар, ерікті өзінің жұмыс барысын айтып өтті. 

Барлықтарына мәлім 16 наурыздан бастап төтенше жағдай орын алды. Біз еріктілер сол күннен бастап қоғамдық жұмыстар, соның ішінде мұқтаж жандарға көмектеседуміз. Бұл салада жүргеніме 3 жылдың көлемі болды. Оқу оқып жүргенімде еріктілер қатарына тіркелген едім. Қазіргі күнге дейін осы іспен айналысып жүрмін. Біз көпбалалы аналарға, ардагерлерге, жалғыз басты аналарға,мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созамыз. Күніне 300-ден 500-ге дейін үйлерді аралап, 10 мыңнан астам азық-түлік себеттерін жеткіземіз. Күніне 500 ерікті азық-түліктен басқа дәрі-дәрмектер, бетперделер таратамыз, - деді ерікті.
Өзгелердің жаңалығы