Ереванда Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2 Қыркүйек 2023, 21:35
636
Бөлісу:
Ереванда Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
Фото: gov.kz

Армения астанасында Абай атындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығында Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың ғылыми-академиялық орта өкілдерімен және Ереван мемлекеттік университетінің студенттерімен кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары ұсынылды. Атап айтқанда, олар іске асырылған реформалардың нәтижелерімен және алда тұрған жүйелі экономикалық өзгерістердің басымдықтарымен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Жолдаудың мазмұнын талқылай отырып, кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті бастамашылық еткен реформалардың өзектілігін атап өтіп, елімізде болып жатқан өзгерістерге қызығушылықтарын танытты. Профессор, Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі Александр Сафарян Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтап, «ел экономикасын ауқымды әртараптандыру Қазақстанды жаңғыртуға жаңа серпін береді және дәстүрлі достық қазақ-армян қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз» деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы