Ереван университетінің профессорына Президенттің алғыс хаты табыс етілді

19 Мамыр 2021, 12:15
902
Бөлісу:
Ереван университетінің профессорына Президенттің алғыс хаты табыс етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ереван университетінің профессорына Абай мұрасын насихаттауға үлес қосқаны үшін Қазақстан Президентінің алғыс хаты табыс етілді. 

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянға Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени мен білім салалардағы байланыстарды дамыту, сондай-ақ армян тіліне Абайдың «Қара сөздерін», М. Әуезовтың «Абай жолы» романын және «Қазақ әдебиетінің антологиясын» армян тіліне аудару үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті. 

Ғалым өзінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдіріп, екі халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын екенін айтты. 

Ол Ереван мемлекеттік университеті мен Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, оқытушылар, ғылыми зерттеушілер арасындағы академиялық алмасудағы байланыстарды атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы