Ересектерден көргенін қайталаған: Ақтөбеде қоқыс тастаған тұрғындар жауапқа тартылды

Үлкендер қоқысты контейнерге салмай, жанына қалдырған. Балалар да сол әрекетті қайталаған. Полиция құқық бұзушыларды қалай анықтады?

11 Қараша 2026, 18:33
АВТОР
 depositphotos.com 11 Қараша 2026, 18:33
11 Қараша 2026, 18:33
50
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде абаттандыру қағидаларын бұзу деректері азаймай отыр. Қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді жиһаздарды арнайы контейнерлерге салмай, қоқыс жәшіктерінің жанына қалдыруды әдетке айналдырған. Тіпті ересектердің әрекетін балалар да қайталай бастаған. Бұл туралы BAQ.KZ Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қараша айында Ақтөбе қаласында абаттандыру қағидаларын бұзған бірнеше тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мәселен, 7 қарашада 12-шағын аудан тұрғыны тұрмыстық қалдықтарды, соның ішінде тақтайларды қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен. Осы ауданда тұратын балалар да ересектердің әрекетін қайталап, үйінен шығарған жиһазды контейнер маңына қалдырған.

Сондай-ақ Есет батыр тұрғын алабының тұрғыны ірі көлемді жиһаздарды арнайы орынға шығарудың орнына үй маңындағы қоқыс контейнерінің жанына тастаған. Тағы бір қала тұрғыны үйінен шығарған қоқысты көлігімен тасымалдап, арнайы жәшікке салмай, оның айналасына үйіп кеткен.

Құқық бұзушылардың барлығы бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Оларға әкімшілік шара қолданылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау мәселесі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының негізгі бағыттарының бірі саналады. Акция аясында тұрғындарды қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Алайда тазалықты сақтау тек сенбіліктермен немесе арнайы акциялармен шектелмеуі керек. Әр тұрғын күнделікті өмірде қарапайым тазалық талаптарын орындап, өзгелерге, әсіресе балаларға үлгі болуы маңызды.

Полиция тұрғындарға абаттандыру қағидаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, заң талаптарын сақтауға шақырды.

Тағы оқи отырыңыз: Баласының дүниеге келуін отшашумен атап өткен астаналық бес тәулікке қамалды 

90-жылдардағыдай: Ақтөбеде екі жасөспірім көшеде құрдастарын тонап, телефоны мен күртесін тартып алған 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Информационное агентство BAQ.KZ (@baq.rus)

Наверх