Ерекше білім алатын балалардың тапсырмалары жеңілдетіледі

2 Ақпан 2021, 16:23
3958
Бөлісу:
Ерекше білім алатын балалардың тапсырмалары жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жинасында БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова баяндады.

Ол инклюзивті білім беруді нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Соңғы 5 жылда 15-тен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жеке оқыту нормалары ескерілді. Арнайы мектептер мен колледждерге оқу бағдарламалары әзірленді. Критериалды бағалау жүйесі бейімделді. Оның ішінде балаларға уақытты созу, тапсырмаларды жеңілдету қарастырылды. Сонымен қатар жан басына шаққандағы қаржыландыруда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру процесі шығысының нормасы екі еселенді, - деп атап өтті ол.

Білім беру ұйымдарын жиһазбен жабдықтау нормалары енгізілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға БТ сериясы бар «Білім туралы аттестат» көзделді. Емтихан кездерінде жеке аудитория мен көмекші берілетін болады. Сонымен қатар аралық және қорытынды аттестаттау нысандары жеңілдетілді, - дейді Әйгерім Кудеринова.

Бұған дейін Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін қанша бала бар екені анықталды.
Өзгелердің жаңалығы