Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президентінің сарайында салтанатты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұл туралы БОРТ1 телеграм арнасы хабарлады.
Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын құрамда келіссөзі басталды - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға барған болатын.
Ол ресми сапарын Ататүрік кесенесіне гүл дестесін қоюдан бастады.