Ердоған: Мұсылман болсын, еврей болсын бейбітшілікте өмір сүруі керек

3 Қараша 2023, 13:24
617
Бөлісу:
Ердоған: Мұсылман болсын, еврей болсын бейбітшілікте өмір сүруі керек
Фото: Ақорда

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің мәдениетіміз, өркениетіміз әділетті нығайту керегін айтады. Зардап шекендерге көмек көрсетуіміз керек. Әділетсіздік болған жағдайда үнсіз қалмауымыз керек. Қазір бүкіл әлемнің көзінше Палестинада өте үлкен трагедия болып жатыр. Мешіттер, босқындардың лагерьлері және ауруханалар бомбы астында қалып жатыр. Күнәсіз балалар өліп жатыр. Бұл зорлық-зомбылықты ақтайтын ешқандай мүмкіндік жоқ. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, адамзатқа қарсы қылмыстар 28 күн бойы Газада жалғасып жатыр, - деді Ердоған.

Ол Түркия гуманитарлық ұстанымды қолдап отырғанын атап өтті. Сөзінше, қақтығыс балғалы бері Түркия бейбіт халыққа қарсы шабуылды ешқашан қолдамайтынын үнемі айтып келе жатыр.

Біздің негізгі басымдығымыз - гуманитарлық көмек көрсету және қарулы қақтығысты аяқтау. Мұсылман болсын, христиан немесе еврей болсын, бәрі бейбітшілікте өмір сүруі керек. Біз халықаралық бейбітшілік конференциясын жалғастырғанын қалаймыз. Сол үшін 10 ұшақ гуманитарлық көмекті өңірге жібердік және мүмкіндік болса тағы гуманитарлық көмек жібереміз. Бірлесе отырып әрекет ету - Түркі әлемінде ары қарай қарулы қақтығыстардың аяқталып, бейбітшіліктің орнауына үлес қосады деп ойлаймыз, - деп айтты Ердоған саммитте.

Түркия президенті Түркі мемлекеттерінің ұйымы басқа елдегі және әлемдегі ұйымдарға үлгі болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы