Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты

15 Қаңтар 2021, 10:01
1671
Бөлісу:
Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Анкара қалалық ауруханасында өтті.

 

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Ердоған қытайлық Sinovac өндіруші шығарған CoronaVac вакцинасының алғашқы дозасын алды. Бұған дейін вакцинаны Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кодже алған болатын. 

 

Мен де вакцина алдым, - деп мәлімдеді түрік басшысы өзінің Telegram каналында. 
 

 

Ердоғанға вакцина Анкара қалалық ауруханасында салынды. Екінші дозаны 28 күннен кейін алады. 

Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты


 

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар агенттігі Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac вакцинасын қолдануға 13 қаңтарда рұқсат берген еді. 

Сол күні Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа алғашқы вакцинаны алды. 

14 қаңтарда медициналық қызметкерлерге вакцинациялау шаралары ресми түрде басталды. 

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, егу басталғаннан бері 252 438 адам коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен.


 

Өзгелердің жаңалығы