ЕРДО Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасын әзірлеп жатыр

1 Тамыз 2023, 21:05
652
Бөлісу:
ЕРДО Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасын әзірлеп жатыр
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Career Enbek цифрлық платформасын әзірлеуде, ол Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушылары үшін тиімді өзара іс-қимыл алаңына айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, Career Enbek – бұл Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және т. б. сияқты ҰБЖ базалық құралдары бойынша, еңбек нарығында мансапты дамыту бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйе.

Career Enbek-те пайдаланушыға кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізімімен танысуға және таңдалған мамандық бойынша емтиханға жазылуға мүмкіндік беріледі. Платформа біліктілік пен дағдыларды бағалау мен тануды ұйымдастыру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде мемлекеттік органдар шаблондарды немесе онлайн макеттерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде кәсіптік стандарттарды әзірлеп, өзектендіре алады, оларды редакциялап және талқылауға жібере алады.

Әзірлеушілерге ыңғайлы болу үшін Career Enbek өрістерді автоматты түрде толтыру үшін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы, Ұлттық кәсіптер сыныптауышы сияқты және т.б. әртүрлі анықтамалықтар жинақталады.

Career Enbek-те сала, қызмет түрі, кәсіптік стандарттың немесе кәсіптің атауы бойынша сүзгіден өткізілетін кәсіптік стандарттарды іздеу жүйесі жұмыс істейтін болады.

Кәсіптер тізілімі, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіптер мен дағдыларға қойылатын талаптарының базасы пайдаланушыға еңбек нарығында қандай кәсіптер мен дағдылар сұранысқа ие екенін білуге көмектеседі.

Career Enbek ресми іске қосылғаннан кейін Enbek, Skills Enbek, Business Enbek және HR Enbek сияқты платформалармен қатар цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінде орын алады.

Career Enbek платформасының мүмкіндіктері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және 25 кәсіптік біліктілікті тану орталығының (бұдан әрі – КБТО) өкілдеріне таныстырылды, оларға платформаның функционалы: аккредиттелген КБТО-ны тіркеу, жеке кабинеттерде профильдерді толтыру және басқа да функционал көрсетілді.

Сондай-ақ, Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша семинарлар циклі шеңберінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері Сareer Enbek мүмкіндіктерімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы