Ербол Хамитовтың тарихи жеңісі: Алтын, қола және жаңа белес

Милан–Кортина-2026: Ербол Хамитов Паралимпиаданы үздік жетілікте аяқтады.

 ҰОК Кеше 2026, 15:09
Кеше 2026, 15:09
122
Фото: ҰОК

Бүгін Милан-Кортина Паралимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 20 км қашықтықты  53 минут 54 секунд уақытта бағындырып, жарысты жетінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін ол пара биатлоннан 4,5 км із қуу жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар, пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринтте қола жүлдегер атанды

Одан кейін Президент Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгінгі жарыста пара шаңғы жарысынан  тұрып жарысатын спортшылар қатарында Александр Герлиц, Нурлан Алимов  және Владислав Кобаль де өнер көрсетеді.

Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталды.

Наверх