Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

25 Қаңтар 2023, 10:13
828
Бөлісу:
Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
Фото: Parasport

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.

Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдегер атанды.

Өзгелердің жаңалығы