Эр-Риядта король Халид атындағы әуежай маңында өрт шықты

Куәгерлер әуежай аумағы үстінен қою түтін көтерілгенін хабарлады.

 Anadolu 20 Қыркүйек 2026, 13:21
20 Қыркүйек 2026, 13:21
150
Фото: Anadolu

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта король Халид атындағы халықаралық әуежай маңында өрт шықты.

Куәгерлердің айтуынша, әзірге себеп белгісіз. Әуежайға жақын орналасқан аумақ үстінен түтін көтеріліп жатқаны байқалған.

Сауд Арабиясының билігі әзірге бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Иран қолдайтын Йеменнің «Ансаруллах» қозғалысының (хуситтер) көтерілісшілері Сауд Арабиясына жауап қайтаратынын айтып қорқытқан. Олар Сауд Арабиясын Сана қаласына ұшқышсыз ұшу аппараттарын жіберді деп айыптаған.

Осыдан кейін, алдыңғы кеште Сауд Арабиясының билігі елдің оңтүстігіндегі бірнеше ауданда ықтимал шабуылдар болуы мүмкін екенін айтып, тұрғындарға ескерту жасаған.

Наверх