Ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп танысын алдап кеткен

14 Қазан 2022, 07:14
1011
Бөлісу:
Ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп танысын алдап кеткен

Қазығұртта ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп танысын алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.K Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Қазығұрт полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң ол танысына 100 мың теңге берген. Алайда екі ай ішінде бітеді деген жалған уәде бір жылға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жұмыссыз жергілікті тұрғын, ер адам анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленуші әйелдің ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген.

Өзгелердің жаңалығы