Ер адам оқушылардың көзінше әйелін соққыға жығып, шашынан сүйреген

5 Сәуір 2024, 17:20
412
Бөлісу:
Ер адам оқушылардың көзінше әйелін соққыға жығып, шашынан сүйреген
VIDEO
Фото: скриншот

Қарағанды облысында ер адам әйелді аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасында оқыс оқиғаның видеосы жарияланды. Онда ер адам оқушылардың көзінше әйелдің шашынан сүйреп, ұрады. 

Дереккөздің мәліметінше, оқиға Ақтас ауылында 5 сәуір күні таңда болған. 

Куәгерлердің сөзінше, олар бұрын ерлі-зайыпты болып, ажырасқан.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адамның жеке басы анықталды. Ол Ақтас ауылдық полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Қарағанды облысында тағы бір сұмдық жағдай болды. Бұқар Жырау ауданының ауылдарының бірінде екі бүлдіршіннің денесі табылды. Күдікті ретінде анасы ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы