ЕҚЫҰ Орталық сайлау комиссиясының жұмысын жоғары бағалады

20 Наурыз 2023, 20:00
1394
Бөлісу:
ЕҚЫҰ Орталық сайлау комиссиясының жұмысын жоғары бағалады
Фото: ortcom.kz

ЕҚЫҰ бюросының Сайлауалды бақылау миссиясы елімізде өткен сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайлауға дайындық тімді әрі белгіленген мерзімде жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясы тікелей эфирде отырыстарды тұрақты өткізіп, ашық түрде шешімдері шұғыл түрде жариялап отырды. Жалпы, төменгі деңгейдегі комиссия үшін ұйымдастырылған ДИАҚБ СБМ қатысқан сабақтар жақсы ұйымдастырылған және интерактивті. ОСК сайлаушылар үшін қазақ және орыс тілдерінде кең ауқымдағы және инклюзивті ақпараттық науқан жүргізді. Сайлау процесіне мүгедек адамдардың келуін жеңілдету бойынша бірнеше оң бастама іске асырылды, - деп атап өтті Сайлауалды бақылау миссиясының жетекшісі Иоган Мёрфи.

Сонымен қатар жақында орын алған өзгерістер бірмандатты округтерден кандидаттардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі, саяси партияларды тіркеудің жаңартылған талаптары сынды саяси мүмкіндіктер ауқымы кеңейе түскендігіне назар аударды. 

Сайлауалды процесінің қатысушылары науқанды белсенді түрде жүргізді. Партиялық платформалар мен месседждер әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтыды. Сондай-ақ президенттік реформалар бағдарламасын да қолдады. Науқан барынша қарқынды өтті және ірі қалалардағы мажоритарлық округтердегі сайлауалды жарысқа белсенді қатысуға жол ашты. Осы орайда өзін-өзі ұсынған кандидаттардың кейбірі балама бағдарламаларын ұсына алды. ДИАҚБ СБМ азшылық ұлттарға қатысты ешқандай кемсітушілік әрекетті байқаған жоқ. Әйелдер қауымы сот жүйесі мен төмен тұрған сайлау өткізу органдарындағы жұмысқа белсене атсалысты, - деді миссия жетекшісі. 

Өзгелердің жаңалығы