ЕҚЫҰ бақылау миссиясы: Сайлау саяси өмірде бәсекелестік тудырды

20 Наурыз 2023, 19:38
1151
Бөлісу:
ЕҚЫҰ бақылау миссиясы: Сайлау саяси өмірде бәсекелестік тудырды
Фото: egemen.kz

ЕҚЫҰ бюросының Сайлауалды бақылау миссиясы елімізде өткен сайлауға қатысты алдын ала қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2023 жылғы кезектен тыс парламент сайлауы Қазақстанды ЕҚЫҰ халықаралық стандарттар мен міндеттерге сәйкес сайлау өткізуге жақындату мақсатында басталған реформаларға сай өтті. Заңнамадағы түзетулер ДИАҚБ ұсынған алдыңғы нұсқаулықтарды ескере отырып, сайлаушыларға таңдау мүмкіндігін кеңейтті. Сайлау саяси өмірде бәсекелестік тудырды. Жалпы, сайлауалды бәсекеге қатысушылар науқанды белсенді әрі еркін жүргізді, - деп атап өтті Сайлауалды бақылау миссиясының жетекшісі Иоган Мёрфи. 

Сонымен қатар миссия сайлау өткізетін органның жұмысына баға берді. 

Сайлау өткізетін органдар дайындықты тиімдікті жүргізді, ал дауыс беру жалпы тиянақты ұйымдастырылған. Соңғы парламенттік сайлау өткізген сәттен бастап сайлауды реттейтін нормативтік-құқықтық базаға Мәжілістің барлық депутаттарын тікелей сайлауды қамтамасыз ететін ДИАҚБ алдыңғы нұсқаулықтарын ескерген айтарлықтай өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ нұсқаулықтың қатарында өзін-өзі ұсынған кандидаттарға сайлауға қатысуға рұқсат беру, партияны тіркеу талаптарын жұмсарту мен сайлау шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету бар, - деп нақтылады ЕҚЫҰ өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бақылау миссиясының басшысы сайлауалды науқанның белсенді өткендігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы