Эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аурудың тез өсуіне жол бермеді – Жеңіс Қасымбек

18 Мамыр 2021, 10:35
1751
Бөлісу:
Эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аурудың тез өсуіне жол бермеді – Жеңіс Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Қарағанды облысында 17 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфесциясының 28 222 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Репродуктивті саны 1,16-ны құрайды. Облыста 4 899 инфекциялық орын бар. Оның ішінде 399 реанимациялық орын қарастырылған. Инфекциялық орын қорының жүктемесі 34% болса, реанимациядық төсек-орын жүктемесі 19%-ды құрайд, - деді ол.

2020 жылы КВИ жаңа толқынына дайындықтың жедел жоспарын іске асыру инфекциялық госпиталь ретінде бейімделген ғимараттардан бас тартып, коронавирус кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келетін объектілерді ғана пайдалануға мүмкіндік берді.

Оның сөзінше, стационарлар мен емханаларда дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының 3 айлық көлемі қамтамасыз етілген.

Эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аурудың тез өсуіне жол бермеді. Шектеу шаралары ұйымдасқан еңбек ұжымдарында, кәсіпорындардың әдеттегі жұмыс режимін сақтай отырып, ауру ошақтарының пайда болуын азайтуға мүмкіндік берді, - Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта облыста үй ошақтары басым. Негізгі жүктеме 800 мыңнан астам тұрғыны бар Қарағанды қаласы мен 4 серіктес қалалардың аумағына түседі.

Қарағандыда карантин шараларын күшейте отырып, облыстың басқа өңірлеріне инфекцияның таралуына кедергі бола аламыз. Мектеп оқушыларының қашықтан оқу режиміне көшіру сырқаттанушылық деңгейін 50 пайызға дейін төмендетті, - деп облыс әкімі атап өтті.

Сонымен қатар облыс халқын белсенді вакцинациялау жалғасып жатыр. 70 189 адам толық вакциналанды. Ал бірінші компонентпен 180 352 адам қамтылды. Бекітілген мерзімге сәйкес мамырдың соңына дейін 105 мың облыс тұрғынын вакцинациялау толығымен аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы