Эпидемиологтар тұмаудың өршіп тұрғанын ескертті

25 Қазан 2022, 15:10
1196
Бөлісу:
Эпидемиологтар тұмаудың өршіп тұрғанын ескертті

АҚШ дәрігерлері балалардың арасында респираторлық аурулардың өршіп бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АВС News телеарнасының мәліметіне сәйкес, Америка ауруханаларының педиатрия бөлімшелері соңғы екі жыл ішінде бұлай толмаған.  

Елдің денсаулық сақтау саласындағы ведомство қазіргі сәтте ауруханалардың 71%-ы тұмауға шалдыққан балаларға толы деп отыр.  

Сондай-ақ ЖРВИ асқынған ағымымен дәрігерге жүгінген жас пациенттер саны күннен күнге көбейіп жатқанын айтты. 

Ал дәрігер Дж.Браунштейн тұмаудың ағымдағы маусымы өте жылдам әрі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ дейді. 

 Әдетте тұмаудың қараша немесе желтоқсанда күрт асқынғанын байқайтынбыз. Ақпанда шарықтау шегіне жететін, алайда қазан айында тұмаудың өршуі орын алуда, - деді маман. 

Америкалық дәрігерлер вирусқа қарсы препараттарды тұмаудың алғашқы күндерінде қабылдаудың маңыздылығын басып айтты. Ең абзалы – ауруды асқындырмай, дәрігерге қаралу дейді олар.

Өзгелердің жаңалығы