Эпидахуал жақсарып келеді – Есмағамбетова

22 Ақпан 2022, 00:25
1711
Бөлісу:
Эпидахуал жақсарып келеді – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Кейінгі екі аптада науқас саны 4,7 процентке азайған. Стационарлық ем алушылар 2 есе амбулаторлық жағдайда емделушілер 4 есе кеміді. 

Вакциналау және қайта вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні бірінші компонентті 10 млн-нан астам азамат алған. Бұл жалпы халықтың 53 проценті және егілуге тиіс ересектердің 82 проценті. Ал қайта вакциналаудан 2 млн 400 мың қазақстандық өтті. 

Бизнес туралы шаралар ол Ashyq-та «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар, «жасыл» және «сары» аймақта бизнес объктілерге кіру шектеусіз болады. Ал қызыл аймақта толуына 70%-ке дейін шектеу салынады. Балалардың ойын-сауық орталықтарында толтыруын шектеу алып тасталынды. Ревакцинация алған немесе вакцинаның толық курсынан өткеннен кейін 6 ай аспаса, елге келетін Қазақстан Республикасының азаматтары ПТР-тестілеуді өткізу қажет емес. Коронавирус инфекциясымен жақын қарым-қатынаста болғандар КВИ белгілері анықталмаса, үй карантинге оқшаулау алып тасталынды, – деді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы