Еордада арендалық үйге өтінім беру басталды

15 Маусым 2022, 16:29
1901
Бөлісу:
Еордада арендалық үйге өтінім беру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) ҰОС ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
5) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
6) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
7) жасына байланысты зейнеткерлер;
8) жетім балалар;
9) қандас;
10) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
11) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны: 117.

Оның ішінде «Жетім балалар» санаты үшін 35:

  • 9 бір бөлмелі пәтер;
  • 19 екі бөлмелі пәтер;
  • 7 үш бөлмелі пәтер;

Қалған «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін:

  • 20 бір бөлмелі пәтер;
  • 46 екі бөлмелі пәтер;
  • 16 үш бөлмелі пәтер;

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Объектілердің орналасқан жері: Е-509көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғылы, 44а үй; Шақаұлы көшесі, 7 үй.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 7 000 – 22 000 теңгеге дейін;

Қабылдау күні: 18 маусым сағат 9:00-ден 24 маусым сағат 23:59-ға дейін;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» немесе «Жетім балалар» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

Қатысуға өтінімдерді кезекке тұрған барлық жылдағы (2006-2022) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендердің арасында кезекке тұрған 2009-2010 жылдардағы кезекте тұрғандар іс жүзінде өтедіге мүмкішдіңтері көбірек.

Өтініш беру үшін сізге:
1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ел бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және www.gov.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Жауап-сұрақ:

1) Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі? – Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.
2) Мен қанша бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба? – Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.
3) Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба? -Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге пәтер екінші қабаттан жоғары берілмейді.
4) Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін мені кезектен шығарады ма? – Иә, шығарады.
5) Өтінім берген кезде пәтердің орналасқан жерін таңдауға бола ма? – Жоқ.

Өзгелердің жаңалығы