ЕО Венгрияны Украинаға қатысты ұстанымы үшін дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін

23 Сәуір 2025, 12:12
654
Бөлісу:
ЕО Венгрияны Украинаға қатысты ұстанымы үшін дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін
Фото: Denes Erdos / AP Photo

Еуроодақ басшылығы Венгрияны Украинаға қатысты ұстанымы үшін дауыс беру құқығынан айыру жолдарын қарастыруда. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай қадамға баруға Еурокомиссияның ұмтылысы Венгрия билігінің Украина ЕО-ға мүше болу мүмкіндігіне байланысты референдум өткізу туралы шешімінен кейін күшейе түсті.

Дауыс беру бюллетендерінде халыққа қойылатын сұрақ:

Сіз Украинаның Еуроодаққа қосылуын қолдайсыз ба?

Елде бұл референдумды насихаттайтын көптеген плакаттар ілінген. Олардан Украина президенті Владимир Зеленский, Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропарламенттегі Еуропалық халық партиясының жетекшісі Манфред Вебердің суреттерін көруге болады. Плакаттарда: "Олар біз үшін шешім қабылдамасын!" деген ұран жазылған.

Ресми түрде сұрақ бейтарап сипатта болғанымен, Венгрия үкіметі бұл процесте белсенділік танытып отыр. Премьер-министр Виктор Орбан халықты референдумға қатысуға шақырып, Украина ЕО-ға кірсе, "Венгрияның бүкіл ақшасы Украинаға кетеді" деп мәлімдеді.

Бұған дейін Орбан Украина мен ЕО-ны Ресей газын Еуропаға транзиттеуді тоқтату арқылы Венгрия мен Словакияны жанжалға тартқысы келді деп айыптаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы