ЕО су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

18 Шілде 2021, 07:16
1295
Бөлісу:
ЕО су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула вон дер Ляйен Бельгиядағы су тасқынынан зардап шеккен Валлония қаласына барды.

Еуропалық комиссияның басшысы зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіріп, Еуропа жақынын жоғалтқан және мүлкі жойылған адамдармен бірге екенін атап өтті.

У.Ляйеннің айтуынша, Еуропалық Одақ зардап шеккен тұрғындарға шаруашылығын қалпына келтіруге көмектеседі.

Айта кетейік, Батыс Германия, Нидерланды және Бельгияда қатты жауын-шашын болып, кем дегенде 150 адам қаза тапты.


Өзгелердің жаңалығы