ЕО елдері маймыл шешегінің таралуын қатаң қадағалап отыр

24 Мамыр 2022, 11:00
1016
Бөлісу:
ЕО елдері маймыл шешегінің таралуын қатаң қадағалап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі Еурокомиссар Стелла Кириакидис әзірге адамдарға жұғу деңгейі төмен, бірақ өте сақ болу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өйткені балаларға, аяғы ауыр әйелдер мен иммунитеті әлсіз адамдар көп жұқтырса, жағдай қиындауы мүмкін. 

Біз Еуроодақтың барлық елдерімен тығыз байланыста отырмыз. Науқастармен араласқандарды қадағалау, диагностика, жеке қорғану заттары, вакцина мен емдеу әдістері басты назарда. Еуроодақтың ортақ іс-әрекетін қазірден үйлестіріп жатырмыз. Бұл ауруды жұқтырғандардың 1 пайызында өлім құшу қаупі бар. Әзірге маймыл шешегіне қарсы тиімді ем мен вакцина табылған жоқ. Алайда кәдімгі шешекке қарсы иммундаудың көмегі тиюі мүмкін, – дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы